Зертхананың ұсыныстары
Бұған калий, натрий, хлор, кальций иондары мен pH талдаулары жатады.
Қан сарысуындағы иондар мөлшеріне тамақ, физикалық жүктеме, стресс және дәрілер әсер етуі мүмкін.
Арнайы талаптар
- Дәрілер: талдауға дейін бірнеше күн бұрын су-тұз теңгеріміне әсер ететін дәрілерді тоқтату қажеттігін емдеуші дәрігермен келісіңіз. Оларға диуретиктер, жүрек гликозидтері, кальций және калий препараттары, калийді сақтайтын дәрілер жатады. Дәріні тоқтату мүмкін болмаса, тіркеушіге хабарлаңыз.
